Батыс Қазақстанда мал ұрлаған төрт күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда мал ұрлаған төрт күдікті ұсталды

15.11.2022

Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда мал ұрлығымен айналысқан төрт адам ұсталды. Күдіктілер Самара-Шымкент тас жолының бойында Теректі ауданы Подстепный кентінің маңында қолға түскен.

Олардың көлігінен Бекей ауылынан ұрланып, сойылған жылқы табылды. 42,34 және 37 жастағы төрт азамат соңғы екі жылда Ақжайық, Казталов және Теректі аудандарының аумағында 10 рет мал ұрлағандарын мойындады.

Сондай-ақ тергеу барысында бір компанияның кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасағандарын да айтқан. Күдіктілер Теректі ауданы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу