Астанада «Балет және ұлттық би өнерін дамыту мен қолдау қорының» ұйымдастыруымен «Ғасырдан ғасырға» атты балет кеші өтті.
Елордалықтар екі сағат бойы белгілі балериналар Алтынай Мұратова мен Елена Шерстневаның ұсынған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Педагог-хореографтар әйгілі «Корсар» мен «Жаңғырған бақ» би көрінісін қойды.
Ұйымдастырушылар «Қос шығарма да - әлемдік балет өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар», дейді.
Айдана ҮСЕНБАЙ