Украинадағы жағдай: Херсонның тұрғындарына волонтерлар гуманитарлық көмек берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы жағдай: Херсонның тұрғындарына волонтерлар гуманитарлық көмек берді

14.11.2022

Ресейдің бақылауынан шыққан Херсонның тұрғындарына волонтерлар гуманитарлық көмек берді. 600 қапқа толтырылған азық-түлік қала аудандарына жеткізілді. Осы аптада херсондықтарға тағы да гуманитарлық көмек көрсетіледі. Украина жауынгерлері 9 айға жуық Ресейдің бақылауында болған қалаға қарашаның 11-де кірді. Президент Зеленскийдің сөзінше, мұнда жағдай күрделі. Су мен жарық жоқ. Жылу жүйелері істен шыққан. Оларды қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Бұған қоса, Украина президенті тергеушілер ресейліктер 400-дей әскери қылмысқа барғанын әшкерелегінін айтты. Оккупациядан босаған аудандарда жауынгерлер мен бейбіт тұрғындардың мәйіттері табылған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу