Жастардың үнін бүкіл қоғам естуі тиіс. Бүгін елордада осы мақсатта ұйымдастырылған UNICEF Talks «Jastar Üni» конференциясы өтті. Жиында 15 жəне 24 жас аралығындағы сегіз жас спикер сөз сөйлеп, өздерінің бастан кешкен оқиғаларын баяндап берді. Қызықты идеялары мен ұсыныстарын жеткізді. Бірі, өзіне деген сенімсіздікті қалай жеңгенін айтса, енді бірі жетімдер үйіндегі балаларға деген қоғамның көзқарасына тоқталды. Одан бөлек, спикерлер қыздардың наноспутник жасау мүмкіндігі, тамақтану мәселелері мен урбанизация тақырыптарын қозғады. 20-қараша - Балалар құқығы туралы конвенцияның қабылданған күні. Осы дүниежүізілік балалар күні қарсаңында шараны БҰҰ-ның Балалар қоры ұйымдастырып отыр.
Өрісім Құдайбергенова, «Jastar üni» конференциясына қатысушы:
Қыздар наноспутникті жинап, стратосфераға ұшырады. Менде сондай тәжірибе болған өзімде. Бұл сала қыздардың қолынан келгенін дәлелдей алдық деп ойлаймын. Сол себепті, оны өзге қыздарға да жеткізгім келеді. өз арманынан бас татртпай икемің бар ма саған осы сала ұнай ма сол салада дами білу керек.
Артур Ван Дизен, БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі:
Бұл шараны Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырып отырмыз. Жастарға мүмкіндік берілу керек. Олар іштегі оқиғасы мен идеясын ашық айтуға үйренуі тиіс. Жиынға мемлекеттік орган өкілдері де қатысып отыр. Біз осындай шараға дәнекер бола отырып, жастардың ұсыныстары мен мәселелері шешімін табады деген сенімдеміз.