Бокстан Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатында жерлестеріміз жарқын жетістіктерге қол жеткізді.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 19 жасар Санжар Ташкенбай жапондық боксшыны ұтып, алтын медальды жеңіп алды. Осылайша, ол Азия чемпионы атанды.
Сондай-ақ, үш боксшымыз Сәкен Бибосынов, Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржанов күміс жүлдегер атанды. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы медаль саны жөнінен екінші орынға ие болды.