Қуатты Қазақстан: Бір ауылда екі ірі зауыт жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуатты Қазақстан: Бір ауылда екі ірі зауыт жұмыс істеп тұр

12.11.2022

Биыл Ақмола облысының Аршалы ауданында екі ірі зауыт ашылды. Бірі – темір-бетон өнімдерін, екіншісі кірпіш шығарады. Қос кәсіпорын да Астананың жанындағы Волгодоновка ауылында орналасқан. Сондықтан өнім елорда нарығына жеткізіледі.

Темір-бетон зауытында жылына 650 мың шаршы метр жабын тақталары және 457 мың метр іргетас бағаналары шығарылады. Қажетті шикізат, құм, қиыршық тас зауыттың өз карьерлерінен алынады. Бұл материалдың өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпорында 240 тұрақты жұмыс орны ашылды. Жұмысшылардың орташа жалақысы 300-350 мың теңге.

Амангелді Кәкібаев, темір-бетон зауытының директоры:

Біздің өнім алдымен өзіміздің құрылыс компаниясының қажеттілігін өтеуге жіберіледі. Осылайша салынып жатқан баспаналардың өзіндік құнын төмендете аламыз. Қалған бөлігін еркін нарықта саудалаймыз. Сондай-ақ, алдағы уақытта өзге де темір-бетон өнімдерін шығаруды қолға алмақпыз.


Хабарламаларға жазылу