БҰҰ-ның төрінде Қазақстанның Республика күні салтанатты түрде атап өтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-ның төрінде Қазақстанның Республика күні салтанатты түрде атап өтілді

11.11.2022

БҰҰ-ның төрінде Қазақстанның Республика күні салтанатты түрде атап өтілді. Бұл пандемия басталғалы ұйымның штаб пәтерінде ұйымдастырып отырған алғашқы ауқымды шаралардың бірі. Егемендік декларация қабылданған күнінімен құттықтауға 300-ден астам мәртебелі мейман келді.

Олар қазақ елінің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін жоғары бағалады. Әсіресе халықаралық қауіпсіздікті нығайту, ядролық қарусыздану бағытындағы бастамаларын ерекше атап өтті. Ал Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин елдегі саяси реформалар жайлы баяндады.

Мирослав Енча, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі:

Биыл мереке БҰҰ мен Қазақстанның арасындағы 30 жылдық байланысымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы жыл аралығында қарқынды әріптестік пен жемісті ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. Біз бұны жоғары бағалаймыз. Қазақ еліне жақсылық, жарқын болашақ тілеймін. Байланысымыз нығая берсін.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу