Қытайда 10 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда 10 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

11.11.2022

Қытайда өткен тәулікте 10 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Осыған байланысты оңтүстіктегі Гуанджоу және батыстағы Чунцинь қалаларында карантин жарияланып, 5 миллиондай тұрғын шектеуге алынды. Ал халқының саны 21 миллионға жеткен Бейжіңде өткен тәулікте 118 адамнан ковид табылған.

Осыған байланысты мұнда парктер, дүкендер, ресторандар жабылып, мектептерде оқу онлайн режимге көшірілді. Бұған қоса Қытай астанасында халық ұзынсонар кезекте тұрып, тесттен өтіп жатыр.

Айта кетсек, коммунистік мемлекет үкіметі жүргізіп жатқан «коронавирусқа нөл төзімділік» стратегиясына байланысты миллиондаған адам үйде қамалып, экономикаға зиян келе бастады. Бұған ашынған қоғамды тыныштандыру үшін Қытай билігі локдаун мен антивирустық саясатты жақсартуға уәде беріп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу