Елордада «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі - экономикалық тұрақтылық пен орнықты дамуға апаратын жол» атты Қазақстан ауыл әйелдерінің V республикалық форумы өтеді. Бұл туралы бүгін арнайы өткен баспасөз брифингінде айтылды. Форумға еліміздің 17 өңірінен 170-ге жуық әйел келіп қатысады.
Шара әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, кәсіпкерлікті қолдаудың әлеуметтік бағдарламалары арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған.
Майра Айсина, Ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы:
Көп әйелдерді бизнес негіздеріне үйретуге, бизнес жоспарларын жазуға, соларды дайындап, өз ісін ашуға үйретуге. Сондай-ақ грант түрінде қаржылық көмекті алу, кейін оны үйренген соң, несие алуға да болады. Осы жобалардың нәтижесі, бірінші осы жылдар ішінде сондай табысты, күшті бәсекеге қабілетті осындай командасын құрдық.
Ақмаржан Ғафиз