Қатар Орталық банкі естелік банкноттар шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар Орталық банкі естелік банкноттар шығарды

10.11.2022

Қатардың Орталық банкі 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатына арналған банкноталар шығарды.

Онда дүбірлі додаға арнайы салынған стадиондардың суреті салынған. Орталық банк осы банкнота арқылы елдің мәдени мұраларын көрсеткісі келгенін айтады. Сондықтан мұнда Қатардың елтаңбасын, ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген Зубара форты, Доһа орталығындағы зәулім ғимараттар бейнеленген.

Бір ерекшелігі банкнота полимерден жасалған.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу