ЕуроОдақта газ қоры азаюы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕуроОдақта газ қоры азаюы мүмкін

10.11.2022

Еуропа Одағында келер жылы көгілдір отын қоры азаюы мүмкін. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің сөзінше, аймақта 2023 жылдың жазында қоймаларды толтыруға 30 млрд текше метр сұйытылған газ қажет болады.

Мәселенің туындауына Ресейден газ тасымалының тоқтауы, Еуропа нарығында сұйытылған табиғи газдың жетіспеуі тәрізді бірнеше фактор әсер етіп отыр. Оны шешу үшін жаңартылатын энергия көздерін көбірек өндіруге назар бөлінбек. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу