Елімізге мөлшерлемесі 5-7 пайыздық ипотекалық бағдарлама қажет. Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев осындай бастама көтерді. Айтуынша, онсыз ел азаматтары үшін баспана қол жетімсіз болады. Өйткені инфляция 18,8 процентке жетті. Ал азық-түлік 23 пайызға қымбаттады дейді ол.
Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы:
Халықтың табысы бағаның өсуіне ілесе алмай жатыр. Оның үстіне «7-20-25» сияқты мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар жабылады. Қазір кейбір қазақстандықтар 12%-пен несие ала алатын шығар. Бірақ көбінің бұған шамасы жетпейді. Сондықтан мөлшерлемесі 5-7% аспайтын ипотекалық бағдарлама қажет.
Досжан Маратұлы