Өткен апта Сеулде көз жұмған қазақстандық студент қыздың мүрдесін елге жеткізу шығынын Корея тарапы өзі көтерді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Марқұмның мәйіті 3 қарашада Алматы қаласына, ал 4 қарашада Ақтөбе қаласындағы туыстарына тапсырылған. Еске сала кетейік, Сеулде 30 қазанға қараған түні орын алған қайғылы оқиға салдарынан ақтөбелік 26 жасар қыз қайтыс болған еді.
Ақмаржан Ғафизқызы