«Ұлы дала таңы» фильмі Швецияда көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала таңы» фильмі Швецияда көрсетілді

07.11.2022

Қазақ киносы Швецияда көрсетілді. Мәдени шараны Қазақстанның осы мемлекеттегі елшілігі мен жастар қауымдастығы бірігіп ұйымдастырды. Стокгольмдегі кино үйіне жиналғандар режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» туындысын тамашалады.

Фильмде Қасым ханның өмірі, билік құрған кезеңі мен Қазақ хандығының нығаюы жолындағы күрес туралы баяндалады. Екі сағаттық туындыны шведтер тапжылмай отырып көрді. Тәуелсіздіктің құндылығын қастерлеуге дәріптейтін тарихи драмаға көпшілік жоғары баға берді.

Аннели Андерсон, көрермен:

Фильм керемет түсірілген. Туындыдан қазақ халқының өз еліне деген мақтаныш сезімін, Тәуелсіздік жолында қандай қиындықты бастан кешкенін көрдік. Ғажап.

Сабина Искендерли, кинотанушы:

Бұл - Қазақстанды әлемге танытуға лайықты фильм. Қазақтың тарихы, тұрмысы, мінезі, салт-дәстүрінен хабар беретін фильм. Керемет костюмдерді жасауға қыруар тер төгілгені көрініп тұр. Таспагердің де жұмысы тамаша.

Нұрсұлу Қасым 

Хабарламаларға жазылу