Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров өңір-өңірді аралап, сайлауға дайындық жұмыстарымен танысып жүр. Бүгін ол Ақмола облысының Малтабар және Ерейментау қалаларындағы бес сайлау учаскесінде болды.
Сапар барысында сайлау комиссиясының басшысы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесіп, саяси науқанды өткізу мәселелерін талқылады. Өңірде 517 мыңнан астам сайлаушы бар.
Досжан Маратұлы