ОСК төрағасы Президентке алдағы сайлауға қатысты дайындық барысын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК төрағасы Президентке алдағы сайлауға қатысты дайындық барысын айтты

20.04.2021

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа екінші жарты жылдықта өтуі тиіс аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің әкімдерін тікелей сайлауға қатысты дайындық жұмыстары туралы баяндалды. Сонымен қатар пандемия кезінде өтетін сайлау барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Имашевқа бірқатар тапсырма берді.

Шерхан Жамбылұлы


ақорда президент

Хабарламаларға жазылу