Ленин атындағы шахтада болған апаттан зардап шегіп, ауруханаға түскен 4 кеншінің қазір жағдайы қалыпты. Кеше жарақат алаған екеуіне операция жасалды.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Алдымен Шахтинск қаласы орталық ауруханасына түскен 4 кенші кейін облыстық көпбейінді ауруханаға ауыстырылған болатын. Олардың екеуі метан газынан уланғандықтан, токсикология бөліміне жатқызылған. Апат кезінде ауадағы метанның концентраты 5 пайыздай болған. Бұл денсаулыққа айтарлықтай қауіпті жағдай. Газдан уланғандар ем алуды жалғастыруда. Ал енді екеуі бас-ми жарақатымен ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлер шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдаған.
Ғабит Махамбаев, Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы нейрохирургия орталығының меңгерушісі:
Екеуіне де операция жасалды. Екеуі де сәтті өтті. Мидағы бас сүйектері алынып, қаны тоқтатылды. Қазіргі күнде екеуінің жағдайы қалыпты. Палатаға ауыстыратын жоспарымыз бар. Токсикологиядағы науқастардың жалпы жағдайы жақсы. Емін қабылдап жатыр.
Науқастар дәрігерлердің жіті назарында. Олар сауығып шыққанның өзінде бақылауда болады. Жалпы шахтадағы апаттан қайтыс болғандардың отбасылары мен денсаулығына зардабы тиген азаматтардың барлығына көмек беріледі.
Руслан Нұрланұлы