Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығы аталып өтілді.
Қара өлең мен көркем сөз шебері Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты кентінде дүниеге келіп, 2011 жылы Алматыда дүниеден озды.
Ол саналы ғұмырын ұлтының ұлылығын ұлықтауға арнап, ұрпақ үшін ұшан-теңіз еңбек етті.
«Зерделі жырдың зергері» атты кітап көрмесіне сырлы ақынның әр жылдары жарық көрген «Ой орманы», «Ақ Отау», «Жерұйық», «Бұлбұл бағы» сынды бірнеше кітабы қойылды.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ