Қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жеделхат жолдады.
Онда: «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін» деп жазылған. Сонымен қатар Президент өз сөзінде «Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым»,-деп айтты.
Шерхан Жамбыл