Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге берілген жаңа үйлердің ауласын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге берілген жаңа үйлердің ауласын су басты

02.11.2022

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге берілген жаңа үйлердің ауласын су басты.

Әулиекөл кентінен екі айға жетпейтін уақытта «Бірлік» шағын ауданы бой көтерген еді. Мұнда әрқайсының аумағы 100 шаршы метр болатын 91 үй салынып, қазан айында пайдалануға берілген.

Соңғы тәуліктегі толассыз жауған қар аралас жаңбырдың салдарынан бірнеше үйдің ауласы мен септикті су басты. Бұған құрылыс нысандары судың табиғи ағатын жолын жауып тастауы себеп. Жауапты мамандар қазір жиналған суды сорып құрғатып жатқандарын , арнайы техника кезекшілікте тұрғанын айтады. Үйлерге су кіру қаупі жоқ. Сондай-ақ келешекте шағына уданға автономды кәріз желісін салу қарастырылып жатыр.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу