Сенаторлар бір күндік жалақысын өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде аударды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар бір күндік жалақысын өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде аударды

05.09.2022

Сенаторлар бір күндік жалақысын өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде аударады. Бұл туралы бүгін бюро отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қостанай облысында болып жатқан қиын жағдайды көріп отырсыздар. Бүкіл Қазақстан алаңдап отыр десек артық болмайтын шығар. Сол себепті өзіміздің көмегімізді беруіміз керек деп есептеймін. Бір күндік жалақымызды зардап шеккен азаматтарға аударамыз деп шешім шығардық.

Қостанай облысындағы өрт салдарынан зардап шеккендерге мәжіліс депутаттары да бір күндік жалақысын аударады.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу