Астанада әйелдердің саяси мүмкіндіктерін арттыруға арналған тренинг өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада әйелдердің саяси мүмкіндіктерін арттыруға арналған тренинг өтіп жатыр

01.11.2022

Бүгін Астанада әйелдердің рөлі мен олардың саяси мүмкіндіктерін көтеру тақырыбына арналған тренинг өз жұмысын бастады. Шара Қазақстандағы гендерлік теңдікті жақсартуға бағытталған. Оған барлық өңірден 25 әйел қатысты. Олар ауыл тыныс-тіршілігін жақсы білетін тәжірибелі жаттықтырушылар.

Сол себептен алдағы уақытта елді-мекендерге шығып, алған білімі мен тәжірибесін ауылда тұратын азаматшаларға бөлісуді жоспарлайды. Олар қаладағы әйелдердің саясатқа араласуға мүмкіндігі зор болса, ауылдық жерлер мен аудандардағылар мұндай мүмкіндіктерден шеттетілгенін айтады.

Әсемгүл Қадырханова, тренингке қатысушы:

Өзінің потенциалын арттырғысы келетін, өзінің социумда жүзеге асырғысы келетін, сондай-ақ саясатта өзін тұлға ретінде көрсеткісі келетін әйелдер көп, бірақ мүмкіндіктері аз. Осы тренинг арқылы сондай әйел жан, әйел затына, нәзік жандыларға біздер мүмкіндіктер береміз деп ойлаймын.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу