Саяси трансформация тақырыбында сарапшылар отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси трансформация тақырыбында сарапшылар отырысы өтті

31.10.2022

Президент сайлауынан басталған барлық іс-шараның нәтижесі саяси институттардың жаңаруына ықпал ету керек. Осылай деген ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин елде жаңа саяси жүйе қалыптастыру маңызды деп санайды.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған алаңда сарапшылар саяси трансформацияның бүгіні мен болашағын талқыға салды. Қазіргі уақытта конституциялық реформа аясында дайындалған бірқатар заң жобасы Сенаттың қарауында. Аталған құжаттардың қабылдануы саяси институттар мен азаматтық қоғам арасындағы қашықтықты азайтуға мүмкіндік береді,- дейді мамандар.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

Біз институттардың өзгеруіне жол ашамыз. Тиісті заңдар қабылданады, жеңілдіктер енгізіледі. Бірақ «саяси жүйе толықтай жаңғырды» деп айту үшін институционалдық өзгерістер жеткіліксіз. Ең бастысы – қоғамдық құндылықтардың жаңғыруы.

  Мұрат Әбенов, «Серпін» ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы:

Қоғам атынан сөйлеу – тек эмоция білдіру емес. Сауатты түрде дәлелдеп билікпен, министрмен, әкіммен тең дәрежеде әр позициясын талқылап, нақты ұсынысын беріп, билікті бақылай алатын қоғам керек.  Мықты азаматтық қоғам өкілдерін дайындауымыз керек. 


Хабарламаларға жазылу