Қостанайда жаңа электр станциясы салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жаңа электр станциясы салынып жатыр

31.10.2022

Келешекте Қостанайда электр энергиясының тапшылығы туындауы мүмкін. Себебі соңғы алты жылда қалада бірнеше жаңа шағын аудан пайда болды. Өндіріс ошақтары да көбейіп келеді. 

Қала сыртындағы аумағы 400 гектар жерді алып жатқан индустриялық аймақ 2018-ші жылы пайдалануға берілді. Қазір мұнда тракторлар құрастыратын зауыт жұмыс істеп тұр, тағы бірнеше кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр. Яғни алдағы жылдары электр энергиясын тұтыну бірнеше есе артады деген сөз.

Шойынды балқытып автокөлік бөлшектерін құятын және құйылған бөлшекті өңдейтін екі зауыттың құрылысы мұндағы ең ірі жобалардың бірі. Алып өндіріс іске қосылғанда сағатына 35 мегаватт электр қуатын тұтынады. Қазіргі бар станциялар оның үштен бірін де өтей алмайды. Сондықтан былтыр қыркүйек айында индустриялық аймақтың жанынан қосалқы электр станциясының құрлысы басталды.

Дәурен Асқаров, облыстық Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

Бұл станция бұрынғыларының жүктемесін азайтады. Яғни, жаңа сұраныстың үдесінен шығамыз, длектр энергиясына тапшылық болмайды. Өңірдің инвестициялық тартымдылық артады. Осы аумақты ғана емес, облыс орталығын, жақын аудандарды үздіксіз электр қуатымен қамту мүмкіндігі кеңейеді

Жобаның құны 10 млдр теңгеге жуық. Дәл қазір бұл нысанда 80 адам мен 30-ға жуық техника жұмыс істеп жатыр. Жаңа қосалқы станция 250 мегаволтты екі автотрансформатордан тұрады. Ерекшелігі сол екеуін бір мезігілде немесе жеке дара қолдануға болады.

Дастан Нұрмағамбетов, мердігер компания өкілі:

Құрылғылардың негізгі бөлігі келді. Орнатылды. Қазіргі таңда кабельный лотоктарды орнатып жатыр. Кабельный лотоктар, одан кейін кабельді тартуды жүргіземіз. Жұмыстың 80-85 пайызы бітті.

Сонымен қосалқы станцияның құрылыс-монтаж жұмыстары биыл аяқталып, алдағы жылдың жазында іске қосылады. Ал тұтынушыларға электр энергиясы күзде беріле бастайды. Мамандар осылай дейді.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу