Қарақат Әбденнің аймақ жұртшылығымен кездесулері жалғасуда. Президенттікке кандидат ұлылар мекені – Абай облысына барды.
«Алдымен қазақтың бас ақыны, хәкім Абайдың ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етті. Саяси науқан – сыналар шақ. Сондықтан халықтың ой-пікір, ұсыныстарын тыңдау аса маңызды», - дейді Қарақат Әбден.
Ол қоғамдық көлікке отырып, қала тұрғындарымен тілдесті. Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, сауалдарына жауап берді. Үлкендердің батасын алды. Бұдан кейін облыстағы өңірлік штабқа ат басын бұрды. Қонақжай Алаш жұрты кандидатты ән-жырмен қарсы алды. Штабта атқарылған жұмыстар пысықталды. Жазда құрылған жаңа облыста Қарақат Әбден екі күн аялдап, бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
Арнұр Нұрланұлы, Қарақат Әбденнің аймақтық штаб өкілі:
Аймақтық штабында үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз. Бүгінгі таңда штабта 3 маман арнайы жұмыс жасап жатыр. Сонымен қоса 15 волонтер бар. Қаламыздың орталық көшелерінде Шәкәрім даңғылы бойынша 2 билборд ілдік. Штабқа келіп-кеткен кісілермен жұмыс жасап, өңірлерді аралап жұмыс атқарудамыз.