Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Арал қаласына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Арал қаласына барды

28.10.2022

Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев Арал қаласына барды. Жұртшылықпен кездесіп, ауданның ауыл шаруашылығы және экологиялық мәселесін шешу жолдары жөнінде әңгімелесті. Кездесу барысында аралдықтар өздерін алаңдатқан сұрақтарға жауап алды. Кандидат пен оның партияластары үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып, саяси бірлестіктің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Серікбай Өмірзақов, «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы:
Жалпы Арал ауданы өздеріңіз білесіздер, әлемдік деңгейде көтеріліп жатқан мәселе. Себебі осы жаһандық климаттың өзгерісі су ресурстарының азаю жағдайындағы экологиялық проблемалардың туындауы, мемлекет тарапынан пәрменді іс-әрекетердің арасында Кіші Арал теңізі пайда болды. Балық шаруашылығы жолға қойылып, кеткен балықшылар кейін оралып, осындай игі істер болып жатыр.


Хабарламаларға жазылу