Ел президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қостанай облысында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қостанай облысында болды

28.10.2022

Ел президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қостанай облысында болды. Алғашында ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл қойып, құрмет көрсетті. Кейіннен облыстық өлкетану мұражайына барып құнды жәдігерлермен танысты. Сондағы қызметкерлерге сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Әрі қарай кандидат Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университет студенттерімен кездесті. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Кандидаттың бағдарламасына қатысты пікірлерін де білдірді. Мейрам Зекешұлы облыстық штабтың жұмысымен де танысты. Қазіргі таңда қоғамдық кеңесте төрт адам бар. Үгіт-насихат жұмыстарына волонтерлар да тартылған.

Серік Сатмұхамедов, облыстық штаб басшысы:
Сол волонтерлар АПМ-нің жағдайын қаланың ішінде біліп отыр. 17 аудан бар. 4 қала бар. Біз сол төрт қаланы алдық. Төрт қалаға баннерларды ілгізіп дайындап қойдық.


Хабарламаларға жазылу