Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына бейнебайланыс форматында қатысты. Жиында Арменияға 15-ші қыркүйекте жіберілген миссия жұмысының нәтижелері талқыланды. Қазақстан Президенті жанжалды тек бейбіт жолмен және саяси-дипломатиялық тәсілдермен реттеу керек екенін атап өтті.
Шерхан Жамбылұлы