Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

16.09.2021

Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы басталды. Биыл ұйымға Тәжікстан төраға. Сондықтан меймандарды Эмомали Рахмон өзінің резиденциясында қарсы алды. Жиынға Қазақстан, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен Армения премьер-министрі қатысып жатыр.

Ал Ресей президенті Владимир Путин карантинде отыруына байланысты бейнеконференция форматында қосылды. Күн тәртібіндегі мәселе көп. Тараптар Ауғанстандағы ахуал мен экстремизм, террорлық топтарды жою, кибер қылмыстар, биологиялық қауіпсіздік пен ақпараттық шабуылдар, есірткі тасымалын тыю жайын талқылап жатыр.


Хабарламаларға жазылу