ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы Бішкекте өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы Бішкекте өтеді

28.10.2022

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы Бішкекте өтеді. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев хабарлады. Ол - Қырғыз Республикасының ұсынысы бойынша кезекті жиынды келер жылы 2 маусымда өткізу туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

Сергей Лебедев, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы:

Біз алдағы уақытта да Қазақстанмен достық қарым-қатынасымызды жалғастырамыз. Сіздерді алда жауапты кезең күтіп тұр. Президент сайлауына орай ТМД байқаушылар миссиясын құрып жатырмыз. Кеше Астанада ТМД атынан байқаушылар штабы құрылған.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу