ТМД үкіметтері басшылары кеңесінде бірқатар салада интеграциялық өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД үкіметтері басшылары кеңесінде бірқатар салада интеграциялық өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды

09.06.2016
ТМД үкіметтері басшылары кеңесінде бірқатар салада интеграциялық өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Бішкекте өтіп жатқан ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Атап айтқанда, біржақты форматтағы отырыста делегация басшылары ТМД органдарының 2016 жылға арналған бірыңғай бюджетіне өзгертулер енгізу туралы мәселені қарады, деп мәлімдеді Атқарушы комитеттің төрағасы - ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев кеңейтілген құрамдағы отырыс барысында.

Күн тәртібінен тыс ТМД Атқарушы комитетінің ТМД елдері басшылары кеңесінің Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қазандағы ұсыныстары туралы хаттама шешімін жүзеге асыру барысы жайлы мәлімет тыңдалды.

«Осы мәселе аясында ТМД қызметін жетілдіру туралы өткір және конструктивті пікір алмасу өтті және кеңеске ТМД елдерінің тұрақты өкілетті өкілдеріне, Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияға және ТМД Атқарушы комитетіне біржақты форматта өткен отырыс барысында айтылған барлық ескертулерді, пайымдаулар мен пікірлерді ескертуді тапсыратын хаттама шешімі қабылданды», - деді С.Лебедев. Сондай-ақ, ол бұл мәселе биылғы жылдың 16 қыркүйегінде Бішкекте ТМД Мемлекет басшылары кеңесінде қаралатынын айтты.

Барлығы Достастық елдерінің түрлі салалардағы ынтымақтастығын одан әрі кеңейту және тереңдетуге бағытталған жиырмадан астам құжат жобасы қаралды.

ТМД ҮБК-нің келесі отырысы 2016 жылғы 28 қазанда Минскіде өтеді. 

Хабарламаларға жазылу