Түркістан облысында 7 тоннаға жуық мұнай өнімдері тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 7 тоннаға жуық мұнай өнімдері тәркіленді

28.10.2022

Түркістан облысында 7 тоннаға жуық мұнай өнімдері заңсыз айналымнан алынды. Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі бірлесіп жанар-жағармай заңсыз сатумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктіге тиесілі дүкен мен қоймадан 500 литр бензин мен өзге де айғақ зат табылды. Сондай-ақ Сарыағаш ауданындағы қараусыз қалған жанармай бекетінде мұнай өнімдерін тиісті құжаттарсыз заңсыз сақтау және сату қылмысын ашылды. Тәртіп сақшылары 5 тонна дизель отыны сақталған цистернаны тәркілеген. Созақ, Түлкібас және Келес ауданында да жанар-жағармай заңсыз сату фактілері анықталды. Барлық деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу