Солтүстік Қазақстанда Сібір елігін атқан браконьерлер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда Сібір елігін атқан браконьерлер ұсталды

28.10.2022

Солтүстік Қазақстанда Сібір елігін атқан браконьерлер ұсталды.Төрт адамның үшеуі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, біреуі полиция қызметкері екендігі жайында ақпарат тарады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамады, я жоққа да шығармады. Құқық қорғаушылар жол талғамайтын көлік мінгендерді Жалтыр көлінің маңында аңның терісін сыпырып, мүшелеп жатқан жерінде, қылмыс үстінде ұстады. Қазір күдіктілердің нақты немен айналысатыны анықталып жатыр.

Сән Жұмағазина, облыстық ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы:

Оқиға орнынан екі пышақ, «Вепрь» маркалы карабиндер, тегіс ұңғылы мылтық, патрондар тәркіленді. «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар қамауға алынды. Қазір сараптамалар тағайындалды.


Хабарламаларға жазылу