Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен Ұлытау облысындағы үгіт-насихат жұмыстарын Жезқазған қаласында жалғастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен Ұлытау облысындағы үгіт-насихат жұмыстарын Жезқазған қаласында жалғастырды

27.10.2022

Ел Президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкен Ұлытау облысындағы үгіт-насихат жұмыстарын Жезқазған қаласында жалғастырды. Мыс балқыту зауытына барып, анод бөлімшесінің жұмысшыларымен кездесті. Сайлауалды бағдарламысының негізгі бөліктерімен таныстырып, еңбек адамдарымен тілдесті. Кандидаттың өңірдегі соңғы аялдамасы - «Адал еңбек.кз» бірлестігі болды. Бұл «Қазақмыс» корпорациясының бастамасымен кәсіпорындарда еңбек жарақатын алған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында құрылған ұйым. Мұнда Мейрам Зекешұлы компания басшылығымен және ерекше қажеттілігі бар белсенділерімен танысты.

Мейрам Қажыкен, президенттікке кандидат:

Кездесулер болды. Халықпен, жұмысшылармен. Халықтан ұсыныстар естідім. Бұл Ұлытау өңірі біздің қазақ халқына киелі жер деп айтамыз. Өйткені көп ғасыр бұрын қазақтар осы жерде біріккен. Сыртқы жауға қарсы тұруға.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу