Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан ардагерлер Астанада алғаш рет құрылтай өткізді. Онда ардагер статусын ала алмай жүрген бірқатар жауынгерлердің мәселесі қаралды. Оларға бөлінетін әлеуметтік қолдау жағы талқыға салынды. Екі жыл бұрын ғана осы санаттағы азаматтар әлеуметтік қолдаумен қамтылуы керек деген заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Алайда, оған ілінбегендер әлі де көп. Сол себептен құрылтайға жиналғандар мемлекеттік көмек әр облыстағы ардагерлерге бір деңгейде үлестірілуі керек деген ұсыныс айтты.
Әбдірашит Нияз, "Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан ұрыс қимылдарының ардагерлері" ҚБ төрағасы:
Құрылтайымызда осы әр өңірден келген төрағалар бар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бар өздерінің қоғамдық ұйымдарынан алып келген ұсыныстарын, тілектерін осы жерде кеңесіп, пішіп нақты шешімін шығарып алдағы уақытта мемлекеттік атқарушы және өкілетті органдармен жұмыстарымызды жалғастырамыз.
Ламбриан Топузидис