Олар - ата-ана қамқорлығынсыз қалған және оқу мен спорт үздіктері.
Аяз ата мен Ақшақар балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа шақырды.
Кеште ертегі кейіпкерлері әр балаға ноутбук-трансформер, кітаптар, ойыншықтар және тәтті сыйлықтар үлестірді.
Биылғы мерекеге Қашыр балалар үйінің тәрбиеленушілері тосынсый әзірлепті. Бұл бастамалары Екібастұз қаласындағы «Үміт» балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан замандастары тарапынан қолдау тапты.
Болат АМАНБАЕВ