Ресейде оқитын қазақстандық жастар елімізде өтетін сайлауға белсене қатыспақ. Таңдау жасау - өскелең ұрпақ үшін зор мүмкіндік әрі жауапты іс, дейді олар. Саяси реформалардан қалыс қалмай, ел дамуына үлес қосатынын жеткізді. Жерлестеріміз Мәскеудегі Қазақстанның елшілігінде дауыс бере алады.
Мағжан Құтжанов, жас ғалым:
20 қараша күні болатын сайлауға баруға ниеттеніп отырмын. Өйткені әрбір дауыс шешуші дауыс болуы мүмкін. Біз шетелде жүргенімізбен біз мемлекетімізді, болашағымызды ойлаймыз. Осы сайлау, сайлауға қатысу – біздің азаматтық борышымыз деп есептеймін.
Индира Бегайдар