Италияда 500-ге жуық отандасымыз дауыс бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда 500-ге жуық отандасымыз дауыс бермек

20.11.2022

Еуропадағы қазақстандықтар да сайлауға белсене қатысып жатыр. Италияда 500-ге жуық отандасымыз дауыс береді. Сайлау учаскесі Рим қаласындағы Қазақстан елшілігі ғимаратында орналасқан. 

Нұрсұлу Қасым, тілші:
Италиядағы қазақстандықтар сайлау учаскесі ашылған таңғы сағат 7-ден бастап белсенділік танытуда. Римде оқу, жұмыс бабымен тұрып жатқан жерлестеріміз өз таңдауын жасап жатыр. Әсіресе жастар өте белсенді. Араларында 18-ге толып, сайлауға бірінші рет қатысып тұрғандар да бар. Пікірілерін бірге тыңдайық.
Сұлтан Қапиетов, студент:
Ең бірінші рет таңдау жасап жатырмыз. Мен үшін ол үлкен жауапкершілік. Әр Қазақстан азаматының алдындағы борышы секілді.
Алтынбек Беркінбаев, студент:
Сайлау-мереке. Себебі, осы сайлауда өзіміздің дауысымызды беру арқылы Қазақстанымыздың ертеңгі болашағы қандай болатынын көре аламыз. Себебі елдің болашағы біздің қолымызда. Біздің қабылдаған шешімімізге байланысты болады.

Қазір Италияда 500-ге жуық қазақстандық студент білім алып жатыр. Милан қаласының жоғарғы оқу орындарында оқитын жастар Римге келе алмайтын болғандықтан сайлау комиссиясының мүшелері жылжымалы жәшіктерді алып, сол жаққа аттанды. Қазір сонда көшпелі сайлау ұйымдастырды. Милан Римнен 570 шақырым қашықтықта орналасқан. Яғни, бүгін Миланда 150-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс береді.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу