Astana Media Week-2022 апталығы басталды. Алтыншы рет өткізіліп отырған шара отандық және шетелдік жетекші медиаменеджерлер мен журналистер, блогерлер, тәуелсіз сарапшыларды бір алаңға жинады. «Жаңа дәуір - жаңа медиа: Метағалам». Биылғы апталықтың арқалаған тақырыбы осы. Медиа кеңістікте жүрген барлық ақпарат құралдарының өкілдері жиналды. 150-ден астам спикер 3 күн бойы 30-дан астам іс-шараға қатысады. Жаңа дәуірдегі сенім. Жаңа уақыттағы кәсібилік. БАҚ-тың үздіксіз дамуы. Осы үш тақырып биылғы шараның негізгі бағыты. «Контент-маркет» атты көрме де қойылған. Оған республикалық және аймақтық телеарналар мен продакшн-компаниялар қатысып жатыр. Жаңа тележобаларын, реалити-шоу, мульфильмдерін таныстыра алады. Жалпы, бұл шара - Орталық Азия аумағындағы ең ірі медиа алаң. Панельдік сессия аясында сапалы, объективті ақпарат берудің жаңа тәсілдері талқыға салынып жатыр.
Әсима Нұрбайқызы