Ұлттық арна қызметкерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна қызметкерлері марапатталды

22.10.2022

Республика күні қарсаңында Ұлттық арнаның бірқатар қызметкерінің еңбегі бағаланды. «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен «Qazaqstan» телеарнасы директорының орынбасары Шынар Ихсанғалиева мен «Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуының продюсері Айзада Жаманқұлова марапатталды. Ал арнамыздың продюсері Болатек Баянхан, дубляж редакторы Нағыз Қапшықбай, «Алтын қор» департаментінің редакторы Лейла Апеева «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін иеленді. Марапатты Ақпарат және қоғамдық даму министрі табыстады.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Марапатталған әріптестерді тағы да шын жүректен құттықтаймын. Оған сіздердің зор үлестеріңіз сіңді. Лайықты марапат иелерін тапты. Басқа да әріптестеріміздің бәрі де марапатқа лайық.


Хабарламаларға жазылу