Алматы облысының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды

22.10.2022

Республика күніне орай Қонаев қаласында ерекше форматта кеш өтті. Алматы облысының дамуына елеулі үлес қосқан 50-ге тара азамат Президент жарлығымен түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Бұл - мерекелік шаралардың басы ғана.

Прзиденттің Жарлығымен марапатталғандардың бірі - Ызғарбек Бектұрсынов. Ол мемлекеттік қызмет саласында 40 жылдан артық еңбек етіп, облыстың әлеуметтік-мәдени һәм экономикалық дамуына үлкен үлес қосты. Зейнеткер бүгінгі таңда Ұйғыр ауданы қоғамдық кеңесінің мүшесі. Қазір ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға атсалысып жүрген ақсақалға «Парасат» ордені табысталды.

Ызғарбек Бектұрсынов, қоғам қайраткері:

Халықтың ең сүйікті мерекесі - Республика күні сонша жылдан кейін қайтып келді. Қайтып келген көктем сияқты. Төсімдегі марапат өте маңызды. Бұл - менің өмірімідегі ең бір қуанышты күн. Мұны Мемлекет басшысының халыққа, бұқараға деген қамқорлығы деп білемін.

«13 жылдан кейін қайта тойлана бастаған мерекенің маңызы зор», - дейді кешке қатысушылар. Сондықтан болса керек танымал әнші, күйшілер де жиналғадарға ән мен жырларын тегін тарту етті. Шара барысында 50-ге тарта түрлі сала мамандары «Парасат», «Құрмет», бірінші, екінші және үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталды.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

Биыл жаңа формат, өйкені біз осы мерекені сезіну үшін Мемлекет басшысы марапаттау бойынша жарлыққа қол қойған болатын. Біз осы мерекенің алдында көтеріңкі көңіл күй сыйлайық сыйлайық деп осындай шара ұйымдастырдық.

Алматы облысында 25 қазанға дейін 200-ден астам мерекелік шара өтеді деп жоспарланған.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу