«Тәуелсіздік ұланы»: Павлодарда 100 оқушыға шәкіртақы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәуелсіздік ұланы»: Павлодарда 100 оқушыға шәкіртақы табысталды

21.10.2022

Республика күніне орай Ертіс-Баян өңірінде 100 оқушы «Тәуелсіздік ұланы» премиясына ие болды.

Төс белгімен қатар оларға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы табыс етілді. Оқуда, спорт, өнер, ғылыми жобалар мен қоғамдық жұмыстарда жетістікке жеткен оқушылар марапатталды. Жеңімпаздар 700 баланың ішінен іріктелген. Мәселен, Әсем Жағыпар - медициналық колледж студенті. Ол психоневрологиялық сырқатқа шалдыққан балаларға көмек көрсетеді.

Әсем Жағыпар, медициналық колледждің 2-курс студенті:

Ақырғы 3-4 жылдан бері ерекше балаларға көмек беремін. Аутизм, ДЦП ауруларымен ауыратын. Одан басқа жануарларға операция жасаймын.Жұмасына оларға 1 рет күтім көрсетемін. Мен осындай марапат аламын деп ойлаған жоқпын. Бұл мен үшін күтпеген жағдай.


Хабарламаларға жазылу