Брюссельде инфляция шарықтап, халық шеруге шығып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде инфляция шарықтап, халық шеруге шығып жатыр

21.10.2022

Брюссельде тұрғындар бағалардың өсуі мен осыған қатысты үкіметтің жүргізіп отырған саясатына қарсылық білдірді. Еуроодақтың штаб-пәтерінің алдына жүздеген демонстрант жиналды. Шараны елдегі екі негізгі кәсіподақ ұйымдастырды. Шеру Еуроодақтың күзгі саммитінің алғашқы күнінде өтіп отыр. Шеруге шыққандар лидерлерді өздерінің талаптарына құлақ асуға, өмір сүру сапасын жақсартуға үндеді. Бельгияның ұлттық статистика кеңсесінің мәліметінше, қыркүйекте елде инфляция деңгейі 11,7 пайызға жеткен. 

Арай Төлеген   

Хабарламаларға жазылу