Атырауда бекіре сатпақ болған әкелі-балалы екі тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда бекіре сатпақ болған әкелі-балалы екі тұрғын ұсталды

18.10.2022

Атырауда бекіре сатпақ болған әкелі-балалы екі тұрғын ұсталды. Олар өз үйін заңсыз сауда нүктесіне айналдырған. Жедел жасақ тексеру кезінде бірнеше мұздатқыштан 300 келіге жуық бағалы балық түрін тәркіледі. Тауар қала ішінде сатылған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 130 млн теңге. Қазір аталған оқиғаға қатысты күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу