Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Ейск қаласында әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйдің ауласына құлады. Оқиға орнында өрт тұтанып, жарылыс болған. От тұрғын үйдің бірнеше қабатын шарпыды. 4 адам қаза тауып, 25-і жараланды. Марқұм болғандардың үшеуі жанып жатқан үйдің терезесінен секірген кезде мерт болған. Апат оқу-жаттығу кезінде болды. Құлаған ұшақтың пилоттары жарылыс болмастан бұрын секіріп үлгерген. Олардың сөзінше, Су-34 көкке көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірі өртене бастаған. Ресей қорғаныс министрлігі де апаттың нақты себебі осы екенін растады. Қазір болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Арай Төлеген