Алматыда «Отырар және Құйрық-төбе қалашықтарының құпия құндылықтары» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Отырар және Құйрық-төбе қалашықтарының құпия құндылықтары» атты көрме ашылды

17.10.2022

«Отырар және Құйрық-төбе қалашықтарының құпия құндылықтары». Алматыда осындай атаумен экспозициялық көрме ұйымдастырылды. Онда Отырар және Құйрық-төбе маңында табылған жәдігерлер мен фото-суреттер, кітаптар мен фотоальбомдар ұсынылды. 1960 жылдан бері қарай жазылған сирек кездесетін 30-ға жуық еңбек қойылды. Олардың барлығы Археологиялық мұражайда сақталып келген. Отырар және Құйрық-төбе қалашықтары – ортағасылық, тарихы жұмбаққа толы қалашықтар. Сол себепті, «Ғылым ордасы» қала қонақтары мен тұрғындарын ежелгі елді-мекеннің шежірелі тарихымен танысуға шақырады.

Дінмұхаммед Әбдіраханов, сирек кездесетін кітаптар музейінің меңгерушісі:

Біздің көрмемізде ұсынылған архелогиялық жәдігерлер мысалы, кермаликалық ыдыстар шыны әйнектер бәрі түп нұсқа. Жәдігерлер қазіргі таңда архелогия музейінің қорында сақтаулы және осы көрмеге орай сол негізі орта жәдігерлер көп.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу