Байқауға қатысуға еліміздің барлық өңірінен 230 өтініш келіп түсіпті. Сыйлықтар 7 аталым бойынша берілді.
Азаматтық қорғаныс саласы бойынша Арғын Қуанов, мемлекеттік тіл саясатында - Оксана Петерс, әдебиеттен - Серік Сейітман, ғылым саласында Ұлықбек Қайыров, спортта – Илья Ильин, өнерде – Жанар Дұғалова, патриотизмді қалыптастыруда белсенділігі үшін Евгений Рибалко марапатталды. Оларға 1 миллион теңгеден табысталды.
Бұл шара талантты,талапты өскелең ұрпақтың қанатына жігер берді.
Индира БЕГАЙДАР