«Астана таңдауы-2014» жеңімпаздары анықталды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана таңдауы-2014» жеңімпаздары анықталды (толығырақ)

30.06.2014
«Астана таңдауы-2014» жеңімпаздары анықталды (толығырақ)

Елорданың өсіп-өркендеуіне, жан-жақты дамуына әрбір астаналық  үлесін қосып жатқаны сөзсіз. Сондықтан, Астана өз тұрғындарын әрқашан мақтан етеді.

Халықтың еңбегін бағалап, ынталандыру мақсатында бірнеше жылдан бері «Астана таңдауы» жалпықалалық байқауы ұйымдастырылып келеді.

Биыл да 7 аталым бойынша 7 саланың маманы үздік атанды.

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

Астанада 300-ге жуық учаскелік полиция инспекторы бар. Олардың әрқайсысы астаналықтардың алаңсыз ұйқысының кепілі.

Бауыржан Таумахановтың осы салада жүргеніне 10 жылдан асты. Өз кәсібін шексіз сүйеді, жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Оны қала тұрғындары да растап отыр.

Ольга Попова, Астана қаласының тұрғыны:

Бауыржанды танығаныма төрт жылдан асты. Ол - өте қарапайым жігіт. Уақытылы келіп, қал-жағдайымызды сұрап тұрады. Жас болса да жұмысына ұқыпты екені көрініп тұр.

Байқауға қатысқан 13 полицейдің ішінен ол 2014 жылдың үздік учаскелік инспекторы атанды. Бұл - астаналықтардың шешімі. Демек, Астана таңдауы.

Бауыржан Таумаханов, учаскелік полиция инспекторы:

Биыл бірінші рет «Астана таңдауы» байқауына қатысып отырмын. Жеңіп шығамын деп ойлаған жоқпын. Маған дауыс бергендерге көп рахмет.

«Астана таңдауы-2014» байқауында үздік дәрігер, үздік қоғамдық көлік жүргізушісі, үздік жол жөндеуші мен мұғалім де бар.

Қала басшысы сондай-ақ, үздік аудан, үздік аумақтық және үздік мемлекеттік орган жетекшілерін де марапаттады.

Ал, «АстанаЭнергоСервис»АҚ үздік кәсіпорын ретінде шағын автобус кілтіне ие болды.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу