Батыс Қазақстан облысында Республика күніне орай, 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады. Бүкілхалықтық мереке ретінде тойлануы үшін салтанатты жиын, мерекелік концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым, кітапхана көрмелері мен музейлерде экскурсия, спорттық шаралар өтеді. 2009 жылға дейін ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде аталып келген Республика күні еліміздің басты мейрамдарының бірі болып қайта оралды. Сондай-ақ, еріктілер мен қоғамдық ұйымдар қайырымдылық және экологиялық акциялар өткізбек. Бірқатар әлеуметтік нысандар ашылады.
Ерболат Исанов, облыстық Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы:
Мерекелеудің негізгі міндеті ретінде республика мен қазақстандықтар үшін пайдалы істерді атқаруға ұлтты ұйыстыру идеясына басымдық берілді.Сонымен қатар, мереке аясында мемлекеттің жетістіктері мен табыстарына өңіріміздің әрбір азаматының жеке қатысуын көрсетуге бағытталған бұқаралық іс-шаралар мен халықтық серуендер өткізу ұсынылып отыр. Облыстың барлық аудандарында Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік наградаларымен марапаттау рәсімі, салтанатты жиналыс пен мерекелік концерт өткізіледі.
Абай облысындағы ауыл-аудандарда да, республика күні кең көлемде тойланады. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспары дайын. Бастысы, мемлекеттік мереке той-думан ғана емес, елдің рухын көтеріп, әл-ауқатын жақсартатын игі істерге бастама болуы тиіс, дейді ұйымдастырушылар.
Айдар Ибраев, Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:
Мерекенің шеңберінде «Қыран елім – Қазақстаным» деген патриоттық акция ұйымдастырылып жатыр. Ол қазан айының басында құттықтау шаралары, мерекелік концерттер әлеуметтік желілердің барлығында ұйымдастырылып, қазіргі күні басталып кетті. Жалпы, барлық өткізілетін мәдени-бұқаралық іс-шаралар, халықтық мерекелеу барлығы.
Ардақ Мұратқызы