Шекарадағы шикілік: Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қоршаулау процесі әлі аяқталмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарадағы шикілік: Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қоршаулау процесі әлі аяқталмаған

13.10.2022

Сенат депутаты Нұржан Нұрсипатов шекараны демаркациялауға қатысты проблемалық мәселені көтеріп, үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Сенатордың айтуынша Кеген ауданының шаруалары шекарадағы шаруашылық жерлерін пайдалана алмай отыр. Өйткені Қазақстан тарапынан шекара сызығына тікелей жанасатын бірінші шептің инженерлік бөгеуіштері жоқ. Алайда арғы бетке өтіп кетпесі үшін шекарашылар бұл маңға ауыл тұрғындарын өткізбейді. Есесіне көрші елдің азаматтары бұл аймаққа мал жайып, шөбін шауып келеді. Депутат мәселені шешуге және жетіспейтін бөгет желілерін орнатуға жәрдемдесуді сұрайды.

Нұржан Нұрсипатов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Қазақстанның 4 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы және 15 мың гектардан астам орман шаруашылығы жерлерін Кеген ауданының шаруа қожалықтары өз мақсаттары үшін пайдалана алмай отыр. Өйткені тұрғындар арасында қақтығысты болдырмау үшін қазақастандық шекарашылар азаматтарымызды инженерлік бөгеттердің екінші шебі арқылы өткізуге жол бермейді. Соның салдарынан бүгінгі күні бұл жерлерді Қырғызстан азаматтары шөп шабу, мал жаю үшін пайдалануда.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу